Әлеуметтік төлемдерді үйлестіру бөлімі
Әлеуметтік төлемдерді үйлестіру бөлімінің негізгі міндеттері:
Халықтың әлеуметтік осал топтарын ынталандыру және масылдықты жою, сондай-ақ мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған халықты әлеуметтік қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін іске асыру. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін сақтау арқылы мемлекеттік басқаруды жетілдіру. Әлеуметтік жәрдемақылар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құқықтық актілерінің іске асырылуын қамтамасыз ету. Алматы қаласы аудан әкімдіктері аппаратының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жәрдемақыларды тағайындау және төлеу мәселелері бойынша әдіснамалық және консультациялық көмек көрсетуі. Әлеуметтік көмек көрсету арқылы қала тұрғындарының әл-ауқатын қамтамасыз ету.