Ақмола облысы Әділет департаменті коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Ақмола облысы Әділет департаментінің Тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімі Ақмола облысы Әділет департаменті аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Бөлім өз қызметін ҚР Конституциясына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" ҚР Заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және Ақмола облысы Әділет департаменті Тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.