Еңбек заңнамасы бөлімі

    Еңбек заңнамасы бөлімі

    Еңбек заңнамасы бөлімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абайоблысы бойынша департаментінің құрылымдық бөлімі болып табылады.

    Бөлімнің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарау.

    Бөлім Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген талаптардың сақталуы мен орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастарының сақталуын, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібінің орындалуын бақылайды.