Еңбек заңнамасы бөлімі
Жалпы ақпарат
Функциялары:
- басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;
- өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды; - қызметкерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асырады; - Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер кестелерін әзірлейді және бекітеді;