Медициналық қызметті бақылау бөлімі
Медициналық қызметті бақылау
бөлімінің ережесі
- Жалпы ережелер
- Бөлімнің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің медициналық қызмет бөлімі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері-160011, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылы, 82.
- Медициналық қызмет саласындағы Медициналық қызметті бақылау бөлімі (бұдан әрі-Бөлім) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің (бұдан әрі-Департамент) құрылымдық бөлімі болып табылады.
- Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Бөлім туралы ереже Департамент басшысымен бекітіледі, ал қызметкерлер арасындағы міндеттерді бөлуді бөлім басшысы іске асырады.
- Бөлім өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілерін, өзгеде нормативтік –құқықтық актілерді, Департамент басшысының өкімдік-басқару құжаттарын, Департамент туралы ережені және осы ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің алдына қойылған мақсаттарының және міндеттерінің орындалуы бөлім жұмысын бағалаудағы негізгі көрсеткіш болып табылады.
- Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
- Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялар
- Медициналық қызметтер (көмек)көрсету салаларында іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
- өз құзыреті шегінде бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Функциялар:
- медициналық қызметтер (көмек)көрсету салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;
- Денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтер (көмек) көрсету салаларында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
4.Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
- Медициналық қызметтер (көмек)көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
- Денсаулық сақтау субъектілері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүргізетін медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелер мониторингінің нәтижелеріне шағым жасаған кезде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
- Медицина қызметкерінің еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру қағидаларын бұзуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
- Денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мәселелері бойынша қызметін үйлестіреді.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3.Бөлімнің қызметі мен құқықтары
- Заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, жеке және заңды тұлғалардан медициналық қызметтер (көмек)көрсету салаларындағы мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;
- Жеке және заңды тұлғалар Департаменттің лауазымды тұлғалары берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгіну;
- Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларға әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету;
- медициналық қызметтер (көмек)көрсету салаларындағы мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеуге;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының реттелетін салада қолданылуына талдау жүргізу;
- заңнамада белгіленген тәртіппен басқа ұйымдардан мамандарды тексерулер мен сараптамалар жүргізуге тартуға құқылы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
4.Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
- Бөлімге басшылықты Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
2.Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
- Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бас мамандары болады.
- Бөлім қызметіне Департамент басшысының немесе штаттық кестеге сәйкес бөлім бағынатын өзгеде лауазымды тұлғаның тиісті өкімінсіз араласуға жол берілмейді.
- Бөлім басшысы бөлім қызметіне қатысты шемімдер қабылдау кезінде ондағы қызметкерлердің пікірлері мен ұсыныстарын ескереді.Оларды өз қызметі және қабылданған шешімдері жайлы хабардар етеді.
6.Бөлім басшысының өкілеттігі:
1) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауап береді,
2) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен лауазымдық өкілеттігін анықтайды.
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгеде өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
7.Бөлім қызметкерлері:
1) өз құзыреттілігі шеңберінде бөлімнің жұмысын үйлестіреді.
2) бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады, бөлім басшысымен жүктелген өзгеде функцияларды жүзеге асырады.
- Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
- Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.