Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлім өз құзіреті шегінде:

    1) Павлодар облысының аумағында өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

    2) Павлодар облысының аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын, қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз етеді;

    3) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

    4) электрондық қызметтерді көпшілікке тарату бойынша халық арасында түсіндіру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз етеді;

    5) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;

    6) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;

    7) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;

    8) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

    9) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмысты үйлестіреді;

    10) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

    11) мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша қызметті бағалау нәтижелері бойынша талдау жүргізеді, жоғары тұрған мемлекеттік органдарға есептер мен ақпараттар дайындайды;

    12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді;

    13) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;

    14) цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасайды;

    15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.