Медициналық көмекті бақылау және ұйымдастыру бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Медициналық көмекті бақылау және ұйымдастыру бөлімі

    Мақсаты:
    1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, ересек тұрғындарға медициналық көмекті ұйымдастыру саласындағы салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
    2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі - ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті (бұдан әрі - МӘМС) алуға адамдардың, оның ішінде қандастар мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету;
    3) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
    4) адамдардың денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер алуға құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету.


    Функциялары:

    1) Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінен және медициналық ұйымдардан өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, статистикалық ақпаратты, талдамалық материалдарды және басқа да мәліметтерді белгіленген мерзімде сұратуға және алуға;
    2) құрылымдық бөлімшелер басшыларының және басқарма басшысының жетекшілік ететін орынбасарларының келісімі болмаған кезде құжаттар, статистикалық ақпарат, талдамалық материалдар және басқа да мәліметтер ұсынылмаған болып саналсын;
    3) басқарманың басшысына және жетекшілік ететін орынбасарына өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, статистикалық ақпаратты, талдамалық материалдарды және басқа да мәліметтерді ұсыну бойынша белгіленген мерзімдерді бұзуға жол берген жауапты тұлғаларды жазалау туралы ұсыныс енгізуге;
    4) кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынастарда бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқарма атынан консультативтік-кеңесші және сараптамалық комиссиялар құруға және белгіленген тәртіппен өкілдік етуге; 5) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер, ұсынымдар, нұсқаулар беруге және шешімдер қабылдауға;
    6) басқарманың басшысына және жетекшілік ететін орынбасарына бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге;
    7) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға міндетті.