Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Ақпараттандыру және ақпараттық технологияларды енгізу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға байланысты жұмыстар кешенінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Қала әкімі аппаратының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету, басқа мемлекеттік органдармен жедел өзара іс-қимылды ұйымдастыру. "Электрондық үкімет" бағдарламасын енгізу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы. Қарағанды қаласының аумағында ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қалыптастыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын бақылау. Ақпараттық қауіпсіздік саласында мемлекеттік саясатты іске асыру. Қарағанды қаласының аумағында "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын, "Ақылды қала" бағдарламасын үйлестіруге бақылау жасау.