Фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімі
Фармацевтикалық қызметті бақылаубөлімінің ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларын мониторингілеу бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Департамент) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы құзыретінің шегінде реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдықбөлімшесі болып табылады.
2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге,сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Бөлімнің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Бөлімнің орналасқан жері: 160011, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тауке хан даңғылы, 82.
- Бөлімнің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің Фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларын мониторингілеу бөлімі.
- Осы Ереже Бөлімнің мәртебесін, функцияларын, құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін құрылтай құжаты болып табылады.
- БөлімгеБөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
2-тарау. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Міндеттері:
1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы салаларында мемлекеттік саясатты іске және бақылау-қадағалау асыру;
2) өз құзыретінің шегінде Бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
- 9. Функциялары:
- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
- дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы салаларында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
- бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
- өз құзыреті шегінде рұқсаттық бақылауын жүзеге асыру;
- денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы қызметін үйлестіру;
- тиісті фармацевтикалық практика стандарттарын әзірлеуге қатысады;
- фармацевтикалық инспекцияларға қатысады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
- Құқықтары мен міндеттері:
1) реттелетін саладағы мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, жеке және заңды тұлғалардан заңнамада белгіленген тәртіппен ақпарат сұрату және алу;
2) жеке және заңды тұлғалар Бөлімнің лауазымды тұлғалары берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгіну;
3) реттелетін салада құзыретінің шегінде аумақтық бөлімшелерге, жеке және заңды тұлғаларға әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету;
4) реттелетін саладағы мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;
5) өз құзыретінің шегінде консультациялық-кеңесші және сараптама комиссияларын (жұмыс топтарын) құру;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
7) реттелетін салада Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылуына талдау жүргізу;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
9) дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы бағдарламаларды әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
- Бөлімге басшылықты Басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
- Бөлімнің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
- Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бас мамандары болады.
- Бөлім басшысының өкілеттіктері:
1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін, өкілеттіктері мен жауапкершілігін айқындайды;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау.Департаменттіқайтаұйымдастыружәнетарату
- Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.