Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі

    Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі

    Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің құрылымдық бөлімі болып табылады.

    Бөлімнің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, сондай-ақ белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы», «Жұмыскерлерді еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» заңдарының және еңбек қатынастарын реттейтін өзге де нормативтік-құқықтық актілердің сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету.

    Бөлімнің негізгі функциялары мен міндеттері:

    • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

    • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарау;

    • өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулар мен кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізу және олардың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

    • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру;

    • еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттауға мониторинг жүргізу.