Коммуникациялық іс-тәжірибелер бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Коммуникациялық іс-тәжірибелер бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Телерадио хабарларын тарату туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, әкімдіктің қаулыларын және қала әкімінің өкімдерін, басшының бұйрықтарын, Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасы туралы ережесін басшылыққа алады.