Коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және табиғатты қорғау бөлімі
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет және қала құрылысы, облыстық қаржы және мемлекеттік активтер, жер қатынастары салалары және табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу салалары бойынша жоспарлы кезеңге жалпы сипаттағы трансферттер (субвенция) көлемін қалыптастыру барысында, оған қатысты есептерін қарау және келісу шараларына қатысу (есеп-қисаптар, анықтама және т.б.);
Жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджетті қалыптастыру, ағымдағы кезеңге арналған облыстық бюджетті нақтылау және түзету барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет және қала құрылысы, облыстық қаржы және мемлекеттік активтер, жер қатынастары және табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу салалары бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің белгіленген тәртіпте ұсынған бюджеттік өтінімдері мен есеп-қисаптарын, бюджеттік бағдарламаларының жобасын қабылдап, сараптама жүргізу және нәтижесімен тиісті қорытынды әзірлеу, облыстық бюджеттік комиссия мен облыстық мәслихаттың қарауына қажетті материалдар (кестелер, баяндама, слайд, анықтама, кітапша, депутаттық сауалнама және т.б.) дайындау, сонымен қатар, аудан, қала әкімдіктерінің жергілікті бюджеттерінің параметрлеріне талдау жүргізу, нәтижесі бойынша ұсыныс енгізу, қажетті материалдарды (кестелер, баяндама, слайд, анықтама, ұсыным және т.б.) дайындау;
Бұқаралық ақпарат құралдарына қажеттілігіне қарай тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет және қала құрылысы, облыстық қаржы және мемлекеттік активтер, жер қатынастары және табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу салалары бойынша іске асырылатын шаралар аясында материалдарды ұсыну;
Басқарманың басқа бөлімдерімен бірлесе отырып: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет және қала құрылысы, облыстық қаржы және мемлекеттік активтер, жер қатынастары және табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу салалары бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және Үкіметтік бағдарламалардың орындалуы, шекара маңындағы аумақтар, тіректі ауылдық елді мекендер, аудан орталықтарын дамыту жөнінде іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізіп, нәтижесі бойынша тиісті мәліметтер әзірлеу, белгіленген көрсеткіштерді жақсарту, қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін ұсыныс енгізу;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет және қала құрылысы, облыстық қаржы және мемлекеттік активтер, жер қатынастары және табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу салалары бойынша облыстың 5 жылға арналған даму бағдарламасындағы, облыс әкімі мен ҚР Премьер-Министрі арасында түзілген түйінді индикаторларға талдау жасау және ай сайынғы орындалуына мониторинг жүргізу, нәтижесімен белгіленген көрсеткіштерді жақсарту, қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін ұсыныс енгізу, жетекшілік ететін салалары бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің, аудан және қала әкімдіктерінің жұмыстарын үйлестіру, Кентау қаласына, Төлеби ауданына жалпы жетекшілік ету.
Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен облыс әкімдігіне жетекшілік ететін салалары және басқа да қажетті ақпараттық-сараптамалық материалдарды дайындап, ұсыну;
Жетекшілік ететін мәселелеріне қатысты келіп түскен тапсырмаларды, сондай-ақ, басқарма басшысы және оның орынбасарларының басқа да тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету;
Бөлім өзіне жүктелген міндеттердің сапалы және мерзімді орындалуына жауапты;
Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді Басқарманың басқа бөлімдерімен бірлесе орындайды.