Коммуналдық шаруашылық бөлімі
Бөлім функциялар:
1) аудандық, қалалық ТКШ бөлімдерімен, "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ-мен бірлесіп тұрғын үй саласындағы кондоминиум объектілерін басқару органдарына әдістемелік көмек көрсету, атқарылған жұмыстарды зерделеу, осы бағытта оң нәтижелерді тарату және халықпен семинарлар өткізу;
2) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
3) облыстың елді мекендерінің шекаралары шегінде коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу мониторингі;
4) стихиялық және санкцияланбаған үйінділерді жою бойынша мониторингті жүзеге асырады;
5) қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
6) қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауды, сақтауды, әкетуді, көмуді және қайта өңдеуді ұйымдастыратын қалдықтарды орналастыру жөніндегі объектілердің қызметін үйлестіру және бақылау;
7) объектілерде қайталама қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуды, орналастыруды және қайта өңдеуді басқару жүйесіне талдау жүргізу және жетілдіру;
8) қалдықтарды жою және орналастыру жөніндегі объектілердің құрылысын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
9) "коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын" әзірлеу және бекітуге ұсыну;
10) Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару саласындағы нормативтік актілер мен қағидаларды әзірлеу және бекітуге ұсыну;
11) облыстың елді мекендерінде қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды насихаттау және енгізу;
12) облыстың елді мекендерін санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша көктемгі-күзгі жұмыстарды жүргізу барысы туралы облыс әкімінің қаулыларын дайындау және іске асыру, іс-шаралар кестесін бекіту, жалпы облыстық санитарлық күнді хабарландыру және өткізу;
13) жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады;