Жасанды интеллект және цифрлық даму бөлімі
Бөлім мақсаттары:
1) цифрландыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларда көзделген бағыттар мен жобалар бойынша цифрландыру жобаларын іске асыру;
2) цифрландыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларда көзделген бағыттар мен жобалар бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жобаларын іске асыру;
3) цифрландыру мәселелерінде облыс әкімдігінің салалық басқармаларының, облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің, басқа да мүдделі ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіру;
4) негізгі және қосымша бағыттар бойынша жергілікті атқарушы органдарды цифрландыруды сапалы жүргізуді қамтамасыз ету;
5) инновациялық экожүйені дамытуды, цифрлық жобаларды енгізуді қамтамасыз ету;
6) Облыстың it компанияларымен және ұйымдарымен жұмыс істейтін өзара іс-қимылды ұйымдастыру.