Өнер және музей ісі бөлімі

    Жалпы ақпарат

    - облыстың театр, филармония өнер ұжымдарының қызметін үйлестіреді;

    - театрдың репертуарына байланысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен байланыста болады;

    - облыстық мәдениет және өнер ұйымдарының репертуарлық және гастрольдік жұмыстарын, сырттан келетін түрлі өнер ұжымдарының, театрлардың, жеке орындаушылардың гастрольдік сапарларын қадағалайды;

    - облыстық театр мен филармонияға кадрлар дайындауды жүзеге асыру мақсатында музыка саласы бойынша арнаулы және жоғары оқу орындарымен байланыста болады;

    - облыстағы театр, филармония өнер ұжымдарының жұмысына талдау жасап, ұсыныстар әзірлейді және оларға әдістемелік көмек көрсетіп, семинар-кеңестер өткізуді ұйымдастырады;

    - театрдың репертуарлық саясатын реттеуге, жаңа қойылымдар қоюды жүзеге асыруға байланысты жұмыстарды жүргізеді;

    - облыстық филармония мен театрдың күрделі жөндеу және ағымдағы жөндеу жұмыстарына байланысты қызметтерді үйлестіреді.