Өнер және халық шығармашылығы бөлімі

    Жалпы ақпарат

    1) Мәдениет саласының мекемелері мен кәсіпорындарының жұмысын үйлестіру, жетекшілік ету;

    2) Шығармашылық одақтарға басқа да қоғамдық ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастыру;

    3) Халықтық кәсіп пен кәсіпшілікті дамыту, фольклорды, халықтық мерекелерді және жалпы халықтық мәдениет дәстүрлерін дамыту және сақтау;

    4) Кітапхана саласындағы озық үлгідегі ақпараттық технологиялардың енгізілуіне ықпал жасау;

    5) Шығармашы әдебиетшілер кеңесімен, ақын-жазушылар және кітап сататын баспалармен жұмыс ұйымдастыру;

    6) Облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық деңгейдегі, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұлттық, мемлекеттік мерекелерді және мерейтой шараларын дайындау және өткізуді үйлестіру;

    7) Халық шығармашылығы байқаулары мен фестивальдерін ұйымдастыруға көмек көрсету;

    8) Қандастар мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру;

    9) Қазақстан халқы Ассамблеясының этнос аралық қатынастар бойынша жұмысты үйлестіру;

    10) Мәдени ынтымақтастықты дамыту бойынша Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының басқа да облыстарының шекаралас аудандарымен тиімді жұмысты ұйымдастыруды үйлестіру;

    11) Облыстың шығармашылық өнерпаздары ұжымдарына «Халықтық» атағын беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

    12) Басқарма бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы жұмысы орындалуын бақылау;

    13) Облыста мемлекеттік шығармашылық тапсырысыты жүзеге асыру, тапсырысқа қатысушы өнімберушілермен жұмысты қамтамасыз ету, олардан ақпараттық портал арқылы келіп түскен өтінімдерін қабылдау, талаптарға сәйкестігін тексеру, ата-аналардан түсіп жатқан өтінімдерді бақылау, өнімберушілерден ай сайын есеп, электрондық табель қабылдау, тексеру, талдау, мониторинг жүргізу;

    14) Әлеуметтік желіге келіп түскен сұрақтарға жауап беруді ұйымдастыру;

    15) Мүгедектердің құқықтарын қорғау бойынша шараларды жүргізу.

    16) Облыстық театрлар, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония, облыстық, аудандық музейлер, тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының, «Қобыланды» мемориалдық кешені, «Әлия» патриоттық тәрбие беру орталығы, облыстық Планетарий жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз ету;

    17) Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, пайдалану және бақылауды қамтамасыз ету;

    18) Облыс әкімдігі жанындағы музей-кітапхана ісі , театр-цирк өнері, музыкалық-концерттік қызмет жөніндегі өңірлік көркемдік кеңестер жұмысын ұйымдастырылуын қадағалау;

    19) Үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру;

    20) Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының жүзеге асырылуына бақылау жасау;

    21) Көрмелер, кәсіби ұжымдардың гастрольдық концерттерін, семинарлар, акциялар, фестивальдар, байқаулар мен басқа да жұмыс түрлерінің ұйымдастырылуын және өткізілуін қадағалау;

    22) Облыс әкімдігі жанындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырылуын бақылау;

    23) Әйелдер істері жөніндегі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі жұмысты үйлестіру;

    24) Облыстық мәдениет және өнер мекеме,кәсіпорындарын және олардың басшыларын аттестациядан өткізу жұмысын үйлестірілуін және ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыруды бақылау;

    25) «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Қазақстанның киелі жерлер географиясы, «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы, «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларының арнайы жобаларының орындалуын және «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» базалық бағыты бойынша жұмысты үйлестірілуін бақылау;

    26) Республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндер Тізбесі туралы өкімін жүзеге асыруды бақылау;

    27) Мәдениет және архив саласында мемлекеттік рәміздерді насихаттау, түзету мекемелерінде қамауда отырған тұлғаларды мәдени тәрбиелеу және бейімдеу, жыл сайын облыстың мәдениет, өнер және архивтер мекеме, кәсіпорындарының жұмыс қорытындылары және келер жылға қойылатын міндеттері бойынша алқа жиын жұмыстарын үйлестіру;

    28) Жетекшілік ететін мекемелердің цифрландыру жұмысын жүзеге асыру жұмысына басшылық ету;

    29) Жақын-алыс шетелдермен мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жұмысты үйлестіру.