Инвестиция және кооперация бөлімі

    Жалпы ақпарат

    - ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылу және қызметінің тәжірибесін тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
    - ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту үшін қаржы ұйымдарының инвестициялары мен кредиттерін тарту, сондай-ақ бәсекеге қабілетті өндірістерді қалыптастыру мен дамыту, оларды жаңғырту үшін жағдайлар жасау және сапа менеджментінің халықаралық жүйелеріне көшіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу бойынша жұмыстарды үйлестіреді;
    - ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау бойынша жұмыстарды үйлестіреді;
    - ауыл шаруашылығы саласындағы тауарларға экспорттаудың тиімді бағыттарына талдау жүргізіп, ұсыныстар енгізеді;
    - экспорттау мүмкіншіліктеріне талдау жүргізіп, ауыл шаруашылығы құрылымдарына тиімді экспорттау бағыттары бойынша кеңестер береді;
    - ауыл шаруашылығы саласында экспорт динамикасының өсуі бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.