Шымкент қаласы Қаратау ауданының Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі

    Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі

    Бөлімнің мақсаты: аудан аумағын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату, жастарды спортқа баулу үшін ашық спорт алаңшаларын орнату, аудан аумағында инфрақұрылымды дамытуды ұйымдастыру және мониторинг жасау.

    Аудан аумағын абаттандыру және жарықтандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және қадағалау. Аудан аумағын көгалдардыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және қадағалау (гұлзарлар мен саябақтар бойынша). Зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Аудан аумағында азаматтардың тұрғылықты жерінде және бұқаралық демалу орындарында дене шынықтыру және спортты дамытуға жағдай жасау жұмыстарын атқарады.