Ақпараттандыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметке мониторинг жасау бөлімі
Ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің негізгі міндеттері:
- экономиканың негізгі салалары мен өмір салаларына заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және енгізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
- жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;
- Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерін сапалы көрсетуді қамтамасыз ету;
- мемлекеттік органдар оларды автоматтандыру жолымен көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру және оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.