Ақпараттық технологиялар бөлiмi

    Об отделе

    Бөлiм жұмысын жалпы басқару. Облыс әкiмiнiң және облыс әкiмi аппаратының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметiн қамтамасыз ету. Облыс әкiмi аппаратының, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерi аппараттарының техникалық құралдарды, бағдарламалық қамтамасыз ету және жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгiзудi тиiмдi пайдалануға талдау жүргiзу. Ақпараттық технологияларды енгiзу бөлiгiне қатысты жоғары тұрған органдардың құжаттарын, облыс әкiмдiгiнiң қаулыларын, облыс әкiмiнiң және облыс әкiмi аппараты басшысының өкiмдерiн, шешiмдерi мен тапсырмаларын орындау және бақылау. «Сайлаушы» автоматтандырылған ақпараттық жүйенi жүргiзу. Облыс әкiмi аппаратының Web-ресурсының қызмет көрсетуiн қамтамасыз ету. Жергiлiктi атқарушы органдардың «электрондық үкiмет», «электрондық әкiмдiк», электрондық құжатайналымының қызмет етулерiн қамтамасыз ету, көрсетiлген мәселелерге қатысты тапсырмаларды орындау.

    Бөлiмнiң мiндеттерi: Облыс әкiмiнiң және облыс әкiмi аппаратының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметiн қамтамасыз ету. Облыс әкiмi аппаратының, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерi аппараттарында техникалық құралдарды, бағдарламалық қамтамасыз ету мен жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгiзудi, олардың тиiмдi пайдалануына талдау жүргiзу.