Шымкент қаласы қаржы басқармасының мүліктік жалдау, жекешелендіру, сенімгерлік басқару бөлімі

    Басқарма туралы
    1. Әділет органдарында жылжымайтын мүлікті есепке қою және оны иесіз деп тану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
    2. Құқықтық және заң көмегін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерін қолдануда заңдылықты сақтау;
    3. Басқармаға заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер бойынша жұмыстар жүргізу, есептерді дайындау және тиісті органдарға ұсыну;
    4. Қалалық коммуналдық меншік мәселелері бойынша жұмысқа қатысу және шығарылатын нормативтік-құқықтық актілердің заңдылығын бақылау;
    5. Басқарманың мемлекеттік сатып алу мәселесі бойынша жұмысқа қатысу және олардың заңдылығын бақылау;
    6. Қалалық коммуналдық меншік және Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша сотқа талап арыздарды дайындау және тапсыру, Басқарма мүддесін қорғау;
    7. Басқарманың кадрлық жұмысын жүргізу, Басқарма қызметінің барлық мәселелері бойынша бұйрықтар, Кадрлық есептер дайындау және оларды тиісті органдарға ұсыну;
    8. Келіп түскен корреспонденциялардың уақтылы орындалуын бақылау.