Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы Идеологиялық жұмыс және болжамдау бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Идеологиялық жұмыс және болжамдау бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
    Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңын және өзге де заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, қала әкімдігінің қаулылары мен қала әкімінің өкімдерін, Басқарма басшысының бұйрықтарын, Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасы туралы Ережесін басшылыққа алады.