Атырау облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Тіл саясаты және ономастикалық жұмыстарды үйлестіру бөлімі

    Бөлім туралы

    Тіл саясаты және ономастикалық жұмыстарды үйлестіру бөлімі өңірде мемлекеттік тіл саясатын іске асыруды, тіл туралы заңнаманың сақталуын бақылауды, ономастика саласындағы жұмыстарды үйлестіруді қамтамасыз етеді. Бөлім мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге, тілдік ортаны дамытуға, азаматтарға тілдерді оқытуға, әкімшілік-аумақтық бірліктер мен объектілердің атауларын реттеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдарға әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асырады.