Адам құқықтарын қорғауға ықпал ету бөлімі
Жалпы ақпарат
Бөлімнің құрылымына екі сектор кіреді:
– Азаматтық және саяси құқықтар секторы;
– Қылмыстық сот төрелігіндегі адам құқықтары секторы.
Бөлім мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Конституцияда, заңнамалық актілерде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын бұзатын лауазымды адамдар мен ұйымдардың әрекеттері мен шешімдеріне қатысты өтініштерін қарау;
- Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы жыл сайынғы баяндаманы дайындауға қатысу;
- адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға арналған ұсынымдарының жобаларын дайындау;
- азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру;
- Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің қызметін қамтамасыз ету;
- ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың есептері негізінде олардың шоғырландырылған баяндамасын дайындауға жәрдемдесу;
- ұлттық алдын алу тетігіне қатысушыларға арналған ақпараттық жүйелерді жүргізу;
- ұлттық алдын алу тетігі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, мекемелермен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
- Уәкіл мен Ұлттық орталық басшысының баяндамаларын, сөз сөйлеулерін дайындау кезінде тезистерді, презентацияларды және өзге де материалдарды әзірлеу.