Мемлекеттік сатып алулар, инвестициялық жобалар мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі
Инвестициялық жобалар, мемлекеттік сатып алу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі келесі негізгі функцияларды жүзеге асырады:
1) білім беру ұйымдарын мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселелерін үйлестіру, Білім басқармасының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу процесінде тапсырыс беруші мен конкурстарды ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асыру, Облыстың білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
2) МЖӘ (мемлекеттік-жекешелік әріптестік) жобалары, білім беру саласындағы бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу, түзету;
3) МЖӘ (мемлекеттік-жекешелік әріптестік) жобаларының іске асырылуына мониторинг және бағалау жүргізу.
4) білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жарақтандыру мәселелерін үйлестіру;
5) білім беру ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізу мәселелерін үйлестіру;
6) білім беру объектілерінің жылыту маусымының басталуына дайындығы мәселесі бойынша мониторинг жүргізу;
7) Облыстың білім беру ұйымдарының қатты және сұйық отынды уақтылы жеткізуіне мониторингті жүзеге асыру;
8) температуралық режимнің мониторингін жүзеге асыру және білім беру ұйымдарын сумен қамтамасыз ету;
9) Облыстың білім беру ұйымдарының өрт қауіпсіздігін, бейнебақылауды, қауіпсіздік техникасын және тіршілікті қамтамасыз етуді қамтамасыз ету бойынша талдау және мониторинг жүргізу;
11) білім басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарының және білім басқармасының қарамағындағы аумақтық органдардың және оларға ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының мүлкін тиімді пайдалану және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді үйлестіру;
12) білім басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарының және білім басқармасының қарамағындағы аумақтық органдардың және оларға ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының мүлкін жекешелендіруге, мүліктік жалдауға (жалға алуға), пайдалануға, сенімгерлік басқаруға беруді келісу бойынша жұмыс жүргізу;
13) облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары мен білім басқармасының қарамағындағы аумақтық органдардың мүлкін құны 30000 АЕК - тен асатын деңгейден деңгейге, мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру бойынша рәсімдерді жүргізу (қаулылардың жобаларын дайындау, қабылдау-беру актілерін дайындау және келісу).
Бөлім құрамы:
Ахмедова Диана Ержановна |
Бөлім басшысы |
Таку Майя Аманжолкызы |
Бас маман |
Хейноят Камила Мадениетовна |
Декреттік демалыс |
Бейсембенов Камал Жанболатович |
Бас маман |
Аужанова Асель Наурызбаевна |
Бас маман |
Вакансия |
Бас маман |