Мемлекеттік қызметтер және коммуникация бөлімі
Мемлекеттік қызметтер және коммуникация бөлімінің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген бағдарламалар, жобалар, жоспарлар бойынша аналитикалық, анықтамалық, презентациялық және есептік материалдарды дайындау;
2) Бағдарламалар, жобалар, жоспарларды іске асыруға қатысатын басқа құрылымдық бөлімшелермен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген іске асырылып жатқан және жоспарланған бағдарламалар, жобалар, жоспарлар бойынша ақпаратты жинау және қорытындылау;
4) Бағдарламаларды, жобаларды, жоспарларды іске асыру және коммуникациялық сүйемелдеу тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
5) Басшылық үшін есептер, баяндамалар, стратегиялық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
6) Басқарманың қызметін ресми сайт, Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалар мен YouTube-арна арқылы ақпараттық қамтамасыз ету;
7) Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды үйлестіру, оның ішінде салалық бөлімдер мен ведомстволық бағынысты мекемелерден ақпарат алу, басшылықпен кездесулер ұйымдастыру.
8) Алматы қаласы аудан әкімдіктері аппаратының Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру мәселелері бойынша қызметін мониторингтеу;