Түркістан облысы туризм басқармасының туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу және қолдау бөлімі
Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу және қолдау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Түркістан облысының туризм басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз жұмысын атқару барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, ҚР Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс мәслихатының шешімдерін, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерін, хаттамалық тапсырмалары мен Басқарманың Ережесін, жұмыс Регламентін және осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлімнің құрылымы, штат кестесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының ұсынысымен бекітіледі.
Бөлім бес мемлекеттік әкімшілік қызметшіден тұрады.
Бөлімнің негізгі міндеттері мен құқықтары
Бөлім өз құзыретінде келесі функцияларды атқарады:
Өз құзыреті шегінде «Туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
Облыс басшыларын туризм мәселелері бойынша өзара тиімді, ынтымақтастық қатынсатары жөнінде дипломатиялық құрылымдарының, шетел туристік ұйымдары мен компанияларының, халықаралық ұйымдарының өкілдерімен кездесуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Туризм мәселелері бойынша басқарманың семинарлары мен кеңстеріне дайындық жұмыстарын атқарады;
Халықаралық туристік көрмелер мен жәрмеңкелерге облыс делегациясының қатысуын ұйымдастырады.