Мемлекеттік аппарат, құқық қорғау органдары бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Мемлекеттік аппарат, құқық қорғау органдары бөлімі жергілікті атқарушы органдармен, қорғаныс және құқық қорғау органдарымен тиісті өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін басшылыққа ала отырып, алдағы кезеңге арналған бюджетті жоспарлау мен қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Басқармалармен бірлесіп, Шымкент агломерациясының жетекшілік ететін секторларында Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру мониторингін жүргізеді, ұсынылатын деректердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және жақсарту үшін қорытындылар дайындайды.