Мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары бөлімі
Жетекшілік ететін салалардың-жергілікті атқарушы органдар, қорғаныс және құқық қорғау органдары аппараттарының әлеуметтік - экономикалық дамуын талдау, облысты дамытудың стратегиялық құжаттарын әзірлеу шеңберінде осы бағыттар бойынша болжамды көрсеткіштер мен индикаторларды қалыптастыру. Облыс дамуының стратегиялық құжаттары шеңберінде жетекшілік ететін бағыттар бойынша мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша ақпаратты қалыптастыру және талдау жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жетекшілік ететін салалардың бюджеттік өтінімдерінің жобаларын стратегиялық құжаттарға, бюджеттік және өзге де заңнамаға сәйкестігін қарау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және оларға қорытындылар дайындау. Жетекшілік ететін салаларды ұстау шығындары бойынша облыстық бюджет жобасына ұсыныстар әзірлеу. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аналитикалық анықтамалар, материалдар, ақпараттар дайындау.