Мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі

    Об отделе

    Бөлiм жұмысын жалпы басқару. Әкiмнiң (шешiмдер, өкiмдер) және облыс әкiмдiгiнiң (қаулылар) құқықтық актiлерi жобаларының құқықтық сараптамасын жүргiзу. Әкiмнiң шешiмдерiн және өкiмдерiн, облыс әкiмдiгiнiң қаулыларын шығару кезiнде, облыс әкiмiмен және облыс әкiмi аппаратының басшысымен келiсiмдерге және шарттарға қол қою барысында құқықтық қамтамасыз етудi атқару. Облыс әкiмi аппаратының, облыс әкiмi мен әкiмдiгiнiң наразылық талап-арыз жұмысын жүргiзу. Құқықтық мәселелер бойынша әдiлет органдарымен, құқық қорғау және сот органдарымен, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдiктерiмен, мемлекеттiк органдармен өзара қарым-қатынастарды қамтамасыз ету. Облыс әкiмiнiң, оның орынбасарларының, облыс әкiмi аппараты басшысының тапсырмасы бойынша қорытындыларды, басқа да құжаттарды дайындау, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiмен жұмыс iстеу. Құқықбұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрес, терроризм мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша құқық қорғау органдарымен өзара әрекет ету.