Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және бюджеттік бағдарламалармен жұмыс бөлімі
- Мәдени нысандардың ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді.
- Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қадағалайды.
- Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді бюджет қаражаты көлемі шегінде қаржыландыруға ұсыныс береді.
- Басқарма мен оған қарасты мекемелердің, кәсіпорындардың бюджеттерін жоспарлау мен қалыптастыруды, бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауды және оның орындалуын жүзеге асырады, қаржы және экономика саласы бойынша қызметтеріне мониторинг жасайды, қадағалайды.
- Басқарма қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептердің мерзімінде ұсынылуы мен бекітілуін қадағалауды жүзеге асырады.
- Басқарманың мемлекеттік сатып алу жоспарының қаржы жоспарына сәйкес болуын қамтамасыз етеді және сатып алынатын тауарлар, қызметтер, жұмыстардың техникалық ерекшеліктері бюджеттік өтінімдерге сәйкестігін қадағалайды.
- Облыстық бюджеттік комиссиясына ұсыныстар мен қажетті құжаттарды дайындайды және отырысына қатысады.
- Уәкілетті органға қаржы және экономика саласы бойынша жылдық жоспар мен есептердің уақытылы, сапалы тапсырылуын қадағалайды.
- Бөлім құзіретіне сәйкес тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды мемлекеттік сатып алу барысында техникалық ерекшелігін әзірлейді, мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысады және техникалық ерекшелікке сәйкес тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды қабылдауға қатысады.
- Дебиторлық және кредиторлық төлем-қарыздардың мезгілінде өтелуін, төлем тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.
- Басқарманың және қарасты ұйымдардың бюджеттік өтінімдерін қалыптастыруды, бюджет қаржысының игерілуін қадағалайды.