Фискалдық саясат және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бөлімі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкіметінің қаулылары мен өкімдерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін және басқа нормативтік-құқықтық актілерді, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының бұйрықтарының орындалуын ұйымдастыру;
Тиісті мемлекеттік органдармен өзара жұмыс жасау негізінде облыс бойынша бюджет түсімдерінің болжамды көрсеткіштерін әзірлеу және республикалық деңгейде келісу барысында қатысу, мәслихат қарауына бюджет түсімдерінің орындалуы және болжамдары жөніндегі мәліметтерді ұсыну;
Жергілікті бюджеттер түсімдерінің болжамды көрсеткіштерін әзірлеу және жергілікті атқарушы органдармен келісу барысында қатысу;
Облыс бюджетінің болжамды көрсеткіштерін әзірлеу үшін түсімдеріне күнделікті талдау жасап отыру;
Ай сайынғы облыс бюджетінің түсімдерінің жоспарын орындалуына бақылау және талдау жасау;
Тоқсан сайын бюджет түсімдері жоспарын нақтылауға ұсыныстар әзірлеу;
Облыстың салық базасын ұлғайту және көбейту жөнінде ұсыныс әзірлеу;
Облыстың сәйкесті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының салық саясаты бойынша мәліметтердің дұрыстығын қадағалау;
Аудандар мен Қызылорда қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің стратегиялық жоспарлары бойынша бөлімге қатысты саласын қарау;
Түсімдерге қатысты жауапты мемлекеттік органдармен болжам жасау кезінде мәліметтер алып, болжам жобасына пайдалану;
Жергілікті бюджет түсімдерінің жобасы бойынша сұраныстар мен ұсыныстарға хат алмасу жұмысын жүргізу;
Бөлімнің жылдық атқарылған жұмыс есебі мен келесі жылға жұмыс жоспарын әзірлеу;
Бюджеттік коммиссия отырысына ұсынылатын мәселелер бойынша қорытындылар әзірлеу;
Облыс бойынша жергілікті бюджет кірістерінің болжамды көрсеткіштерін анықтау;
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамын әзірлеу үшін тиісті өкілетті органдардан мәліметтерді жинақтау және талдау;
Салықтық түсімдері бойынша есепті мәліметтерді талдау;
Есепті кезеңге облыстың бюджетке төленбеген салықтар бойынша берешек сомалары туралы мәліметті жинақтап, талдау;
Жергілікті өзін - өзі басқару Заңының аясында 4 - деңгейлі бюджет енгізілуіне байланысты, ауыл әкімі бюджет шешімдерінің кіріс бөлігіне талдау жасау;
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына талдау жасау, есептіліктерін жүргізу;
Концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша сараптама жүргізуді ұйымдастыру және қорытынды дайындау;
Бюджеттік бағдарлама әкімшілері ұсынған бюджеттік өтінімдерді қарау және тиісті ұсыныстар әзірлеу;
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі жобаларға экономикалық қорытынды дайындау;
ҚР Президенті Әкімшілігінен, ҚР Үкіметі Аппаратынан, ҚР министрліктерінен келген Заң, қаулы жобаларына тиісті ұсыныстар әзірлеу;
ҚР Үкіметінің мәжіліс хаттамаларын, облыс әкімдігінің Қаулылары және хаттамалардың орындалуы бойынша ақпарат дайындау, селекторлық мәжілістерге ақпарат әзірлеу;
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес мекемелерден және азаматтардан түскен хаттарды және сауалдарды қарап, жауап әзірлеу;
ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексімен көзделген талаптарды бұлжытпай орындау.