«Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» қаржы құралдары және инвестициялық субсидиялау бөлімі
Жалпы ақпарат
Бөлімнің негізгі міндеттері несие-қаржы құралдарын тарту арқылы агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Бөлім жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстар әзірлейді және іс-шараларды жүзеге асырады;
2) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дамыту үшін қаржы ұйымдарының инвестициялары мен кредиттерін тарту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
3) бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын игеру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға әкімшілік етеді.