Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бөлімі
«Маңғыстау облысы кәсіпкерлік |
және сауда басқармасы» ММ |
басқарма басшысының |
2025 жылғы 13 наурыздағы |
№ 01-14/11 бұйрығымен |
БЕКІТІЛДІ |
1 қосымша
Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1.1. Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Маңғыстау обласының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сонымен қатар, осы Ережені басшылыққа алады.
1.3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітеді.
1.4. Бөлімнің құрылымдық бөлімшелері жоқ.
2 - тарау.Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2.1. Міндеттері:
2.1.1. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды жүзеге асыру;
2.1.2. Кәсіпкерлік саласында өз құзыреті шегінде бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.
2.2.Функциялары:
2.2.1.Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын іске асыруды жүзеге асырады;
2.2.2. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жоғары тұрған органдардың, облыс әкімі, оның орынбасарлары мен облыс әкімі аппараты басшысының, басқарма басшысының тапсырмаларын орындайды;
2.2.3. Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдармен, даму институттарымен, облыстық және аумақтық ұйымдармен, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
2.2.4. Өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі көрсеткіштерінің ай сайынғы мониторингін жүргізеді;
2.2.5. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша шағын және орта бизнестің қазіргі жай-күйін талдау және ұсыныстар дайындау бойынша жұмысты жүзеге асырады;
2.2.6. Кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көрсетудің ай сайынғы мониторингін жүзеге асырады;
2.2.7. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бөлігінде республикалық және жергілікті деңгейлердің стратегиялық, бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге қатысады.
2.2.8. Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің жұмысын ұйымдастырады;
2.2.9. Маңғыстау облысында бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын іске асыру шеңберінде жобаларды қарау жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесінің Жұмыс органының функцияларын жүзеге асырады;
2.2.10. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі жұмысты орындайды;
2.2.11. Шағын және орта кәсіпкерліктің жетістіктері мен дамуын насихаттауға бағытталған көрмелерді, жәрмеңкелер мен форумдарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
2.2.12. Жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;
2.2.13. Әлеуметтік кәсіпкерлік тізілімін қалыптастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады.
2.2.14. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне гранттар беру бойынша жұмысты жүзеге асырады;
2.2.15. Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған өтінішпен жүгінген кәсіпкерлердің өтініштерін қабылдайды;
2.2.16. «Мен-кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту инструменті бойынша бизнес-процестерді автоматтандыру, ұйымдастыру, оңтайландыру, басқару мәселелері бойынша консультациялық қызметтерді уақытылы көрсетілуін қадағалайды;
2.2.17. «Таза парақтан» жүргізіліп жатқан реформа бойынша бизнесті жандандыру жөнінде бизнес субъектілері ұсынатын есептілік нысандарында деректердің қайталануын болдырмау мақсатында олардың өзектілігі тұрғысынан құқықтық актлерге тексеру жүргізу бойынша, соның ішінде кәсіпкерлерге тосқауыл болатын нормативтік құқықтық актлердің күшін жою немесе тармақтарын өзгерту бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
2.2.18. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есептілікті тиісті мемлекеттік органға тапсырады;
2.2.19. Бақылау-қадағалау қызметін реформалауды жүзеге асыру аясында мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі заңнаманың міндетті талаптарын бұзылуының алдын-алу, тұрақты қауіпсіз қызметті іске асыру үшін кәсіпкерлердің және ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өткізілетін «Есеп берудің бірыңғай күні» іс-шарасының ұйымдастырады;
2.2.20. «Атамекен» микроқаржы ұйымы» АҚ, «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС - нен сервистік қызметтер бойынша есептіліктің уақытылы және сапалы тапсырылуын қамтамасыз етеді;
2.2.21. Республикалық деңгейде даму бағдарламасының басқармаға қатысты кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша іс-шаралардың әзірленуіне қатысады және іске асырылуын бақылайды, орындалысы туралы есептіліктің тапсырылуын қамтамасыз етеді;
2.2.22. Кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің құзыреті шегінде облыс әкімінің қатысуымен өтетін кеңестерге және басқа да іс-шараларға ақпараттық, талдамалық және таныстыру материалдарын, сондай-ақ сөз сөйлеу, баяндама мәтіндерін дайындайды;
2.2.23. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз, шағым, өтініштерді қолданыстағы заңнама шеңберінде уақытылы және сапалы жауап береді;
2.2.24. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдармен (Екінші деңгейдегі банктер, қаржы-кредит саясатын іске асыру жөніндегі қаржы және жеке кредит ұйымдары және т. б.) өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырады;
2.2.25. Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бөлінген қаражатқа сәйкес қаржыландыру жоспарларын орындайды;
2.2.26. Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бөлінген қаражаттардың мониторингін жүзеге асырады;
2.2.27. Орталық уәкілетті органдарға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2.2.28. Мемлекет Басшысының және Үкімет аппаратының, аппараттық жиналыстың, көшпелі жиналыстардың хаттамалық тапсырмаларының орындалысын жүзеге асырады;
2.2.29. Қаржылық институттармен келісім-шарттар жасақтайды;
2.2.30. Кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беруді жүзеге асырады;
2.2.31. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кредиттер/микрокредиттер бойынша ішінара кепілдік беруді жүзеге асырады;
2.2.32 Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кредиттер/микрокредиттер бойынша пайыздық үстемақыны субсидиялау бойынша қолдау беруді жүзеге асырады;
2.2.33. Басқарма мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасындағы келісімдерге қол қойылуды ұйымдастырады;
2.2.34. Тоқсан сайын басқарма мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасындағы салыстыру актілерін тексеріп, қол қойлуына қамтамасыз етеді;
2.2.35. Ай сайын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен қаражаттың игерілуі бойынша есептерді бақылайды;
2.2.36. Қаржы институттарына берілген бюджеттік кредиттің уақытылы төленуін бақылайды және жартыжылдық есепті дайындайды;
2.2.37. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мемлекеттік бағдарламалар аясындағы қаражаттардың төлем жоспары бойынша игерілуін қадағалайды;
2.2.38. Жылдық бекітілген кестеге сәйкес шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары бойынша қала және аудандарда жүрмелі кеңес ұйымдастырады;
2.2.39. Маңғыстау облысы бойынша экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі Үкіметтің іс-қимыл жоспарының кәсіпкерлікке қатысты тармақтарын орындайды;
2.2.40. Маңғыстау облысының кешенді даму жоспарындағы тиісті көрсеткіштері мен іс-шараларға мониторинг жүргізу, өзектендіруге ұсыныстар әзірлеу, орындалысы бойынша уақытылы ақпарат жолдауды қамтамасыз етеді
2.2.41. «Аманат» партиясының «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» сайлауалды бағдарламасының тиісті көрсеткіштері мен іс-шараларына мониторинг жүргізу, өзектендіруге ұсыныстар әзірлеу, орындалысы бойынша жоғары тұрған органдарға уақытылы ақпарат жолдауды қамтамасыз етеді;
2.2.42. «Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарының тиісті көрсеткіштері мен іс-шараларына мониторинг жүргізу, өзектендіруге ұсыныстар әзірлейді;
2.2.43. Шағын және орта бизнес саласындағы ахуалды зерделеу, талдау және болжау, осы негізде шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске асыруды ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті әлеуметтік-экономикалық дамытудың индикативтік жоспарларын дайындауға қатысады;
2.2.44. Мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлердің қаржыландыру бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын және қаражат жетіспеушілігі болған жағдайда бюджеттік өтінімнің жолдануын қадағалайды;
2.2.45. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде мақсатсыз игерілген қаражаттарды бюджетке кері қайтаруды қадағалайды;
2.2.46. Мемлекеттік бағдарламалар аясындағы субсидиялау және кепілдендіру құралдары аясында қолдау алған жобалар бойынша ай сайын есеп жүргізеді;
2.2.47. Бөлінген қаражаттар бойынша бюджеттік бағдарламалардың Заң талаптарына сәйкес мерзімде бекітілуін қадағалайды;
2.2.48. Бухгалтерлік есеп және есептілік мәселелеріне қатысты басқарма жүргізетін мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асырылуын бақылайды; Бухгалтерлік есепті, тауар-материалдық құндылықтардың, ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі операцияларды ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырылуын бақылайды; Жалақыны есептеуді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және төлеудің уақытылы жүргізілуін бақылайды;
2.2.49. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, облыстық бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасауды, бекітуді және жүргізеді, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулардың уақытылы енгізілуін қадағалайды;
2.2.50. Басқарманың мемлекеттік сатып алу жоспарының уақытылы орындалуын және игерілуін қадағалайды;
2.2.51. Басшылықтың өзге де тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындайды;
2.2.52. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
2.3. Құқықтары мен міндеттері:
Бөлім құқылы:
2.3.1. Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардан, заңды тұлғалардан, меншік нысандарына қарамастан қажетті құжаттарға, сонымен қатар құрылымдық бөлімшенің алдына қойылған тапсырмаларын орындауға байланысты сұрақтар бойынша ақпараттарды сұрауға және алуға;
2.3.2. Өзінің құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша шешім қабылдау және олардың жүзеге асырылуын бақылауға;
2.3.3. Сыртқы ұйымдармен қарым-қатынас сақтауға;
2.3.4. Басқарманың жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныс енгізуге;
2.3.5. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
Бөлім міндетті:
2.4.1. Құзіретіне кіретін сұрақтарды шешуде қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңдылықтарының талаптарын сақтауға;
2.4.2. Өз құзіреті шегінде жетекшілік ететін саласы бойынша мемлекеттік мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар жиналыстарында Басқарманың мүддесін қорғауға;
2.4.3. Бөлімге келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін нақтылы, жан-жақты және уақытылы қарауға;
2.4.4. Басқарма қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет туралы заң нормаларының тиісінше орындалуын бақылауға;
2.4.5. Құрылымдық бөлімшенің істер номенклатурасына сәйкес құжаттарды қалыптастыру мен сақтау бойынша іс қағаздар жүргізу нормаларының талаптарын сақтау және құжаттарды Басқарманың ведомстволық мұрағатына құжаттарды тапсыруға;
2.4.6.Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауға;
2.4.7.Бөлімнің құзіретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға.
3 - тарау. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру
3.1. Бөлім заң актілеріне, Қазақстан Республикасы Президенті актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сай өзінің негізгі тапсырмалары мен функцияларын жүзеге асыруда қажетті өкілеттілікке ие.
3.2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалатын және босатылатын басшысы Бөлімді басқарады.
3.3. Бөлім басшысы Бөлім қызметінде жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге міндеттелген тапсырмалар мен өзінің функцияларының жүзеге асуына жауапкершілік алады.