Қаржы және жоспарлау бөлімі

    Жалпы ақпарат
    1. Басқарманың жұмысына қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін қадағалау
    2. Басқарманың және басқармаға қарасты мекемелердің теңгерімінде тұрған негізгі құралдар мен материалдық қорлардың сақталуын қамтамасыз ету;
    3. Ақтөбе агломерациясын, шағын және моноқалаларды дамыту бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуын үйлестіру, есеп берілуін бақылау;
    4. Мәдениет, архив нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша құжаттар дайындау, мониторинг жүргізу және орындалуы бойынша ақпарат беру;
    5. Облыс мекемелері желісінің жағдайы және даму болашағына мониторингтік талдау, оларды сақтау, дамыту және материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша қамтамасыз ету;
    6. Мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, басқарманың бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ретінде бюджеттік өтінімінің уақытылы әзірленіп, тапсырылуын қамтамасыз ету ;
    7. «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын орындау аясында Жол картасының іс-шараларын жүзеге асыру;
    8. Облыстың мәдениет мекемелерін, архивтерді сақтау, дамыту және материалдық-техникалық базасын нығайтуға ұсыныс енгізуді, орындалуын қамтамасыз ету;
    9. Заңмен белгіленген шеңберде басқарма аппаратының және бағынысты облыстық мекемелер мен кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау және талдау жасау: бюджет қаражатының толығымен және мақсатты жұмсалуын қадағалау, штаттық кестелерін, дебиторлық және кредиторлық бережақтарын, ақылы қызмет көрсету бойынша жоспарларының орындалуын бақылау;
    10. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің тоқсандық, жылдық есептерін қабылдап, басқарманың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін әзірлеу және тапсыру;
    11. Облыс бойынша саланың қаржы-экономикалық қызметі жөнінде жинақ ақпараттардың уақытылы дайындалуын қамтамасыз ету;
    12. Басқарманың кадр саясатын жүзеге асыру, облыс әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметімен (кадр қызметі) өзара әрекеттесуді ұйымдастыру;
    13. Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты қаржыландыруды қамтамасыз ету;
    14. Басқарманың мемлекеттік қызметшілері бойынша Әдеп жөніндегі уәкілге есеп беруді бақылау