Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімі
Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Конституцияны, Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы», «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы», «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін», «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін», «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін», «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін», Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, әкімдіктің қаулыларын және қала әкімінің өкімдерін, Басқарма басшысының бұйрықтарын, Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасы туралы ережесін басшылыққа алады.