Қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары, Қазақстан Үкімет қаулылары мен өкімдері, салалық министрліктердің бұйрықтары, облыс әкімі шешімдері мен өкімдері, облыс әкімдігінің қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету;
2) салалық министрліктермен, аудан және қала әкімдіктерімен дамытуға арналған бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жоспарларын әзірлеу, қажеттілігіне қарай жоспарға толықтырулар мен өзгерістер енгізу;
3) бюджеттік инвестициялық жобалардың жоспарларының түзілуін, орындалуын қамтамасыз ету;
4) электронды цифрлы қол қою құжат айналымы бойынша жүргізілетін жұмыс орнын қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз ету;
5) бекітілген бюджет бойынша бюджеттік инвестициялық жобалардың жоспарларының орындалуы жөнінде ағымдағы есептіліктерді ұсыну;
6) бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы және 2КС(құрылыс) аяқталған инвестициялық жобалар бойынша статистикалық есептіліктерді ұсыну;
7) жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер бойынша бюджетті нақтылауға байланысты өтінімдерді дайындау;
8) аппаратты ұстау бойынша үздіксіз қызмет атқару мақсатында жалақы және іс сапар төлемдерімен, материалдық техникалық базамен басқарма қызметкерлерін қамтамасыз ету;
9) облыс әкімінің және басқарма басшысының тапсырмаларын, мемлекеттік органдардың хаттарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарап, орындалуын ұйымдастыру;
10) мемлекеттік қызметтті өткеруге байланысты шектеулерді сақтау;
11) қызметкерлердің мүлікті ұқыпты пайдалануын, өртке қарсы қауіпсіздік шарттарын сақтау;