Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бөлімі
Бөлімнің құзыретіне кіретін аумақтарды дамыту бағдарламасының, Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының, Инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарын, міндеттерін және индикаторлық көрсеткіштерін орындау. Бөлім құзыретіндегі аумақтарды дамыту бағдарламасының, Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының, Инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарын, міндеттерін, индикаторлық көрсеткіштерін әзірлеу. Басқарманың қызметін қамтамасыз ету үшін салалық бөлімдермен бірлесіп материалдық-техникалық құндылықтарды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Материалдық – техникалық құндылықтарды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша жұмысты жүзеге асыру. Қаржыландыру жоспары шеңберінде басқарудың материалдық-техникалық базасын нығайту; активтер мен басқа да материалдық құндылықтардың оларды сақтау және пайдалану орындарында сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Бюджетті жоспарлау және атқару, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу. Бухгалтерлік есепті, бюджеттік және қаржылық есептілікті жүргізу. "Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларына"сәйкес бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру және ұсыну. Салалық бөлімдермен бірлесіп, бюджеттің атқарылуы кезінде бюджеттік бағдарламаларды іске асыру. Салалық бөлімдермен бірлесіп, бюджеттің атқарылуы кезінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау.