Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімі

    Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімі
    1. Бөлімнің негізгі міндеттері:

    1) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымы саласындағы бақылау функцияларын жүзеге асыру;

    2) өз құзыреті шегінде бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

    1. Бөлім қызметтері:

    1) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

    2) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау;

    3)денсаулық сақтау саласындағы дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың, сондай-ақ есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

    4) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

    5)дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымы саласындағы өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету;

    6) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын сараптау және бағалау бойынша монополиялық қызметті жүзеге асыратын сынақ зертханаларын аккредиттеуге қатысу;

    7) дәрілік заттар айналымы саласындағы фармацевтикалық инспекторат фармацевтикалық инспекцияны жүзеге асырады;

    8) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

    9)дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы бұйрықтар шығару;

    10)өз құзыреті шеңберінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау, қарау және әкімшілік жазалар қолдану

    11) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл;

    12) өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;

    13) өз құзыреті шегінде реттелетін салада құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

    14) тиісті фармацевтикалық қызметтердің стандарттарын әзірлеуге қатысу;

    15) реттелетін саладағы мемлекеттік және басқа бағдарламалардың, жобалардың және стратегиялық жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету;

    16) реттелетін саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

    17) реттелетін саладағы кадрлардың біліктілігі мен қайта даярлаудыұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстар енгізу;

    18) реттелетін салада түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

    19) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 2020 жылғы 7 шілдедегі 230-бабының 1), 2), 3), 4), 5), және 7) тармақтарында көрсетілген фармацевтикалық қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру»(бұдан әрі - Кодекс), сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметтерді жүзеге асыру;

    20) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік және медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымы саласындағы бақылау мәселелері бойынша қызметін үйлестіру;

    21) Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.