Энергетика және жылумен жабдықтау бөлімі

    Отдел энергетики и теплоснабжения

    Міндеттері:

    1) Облыстың коммуналдық кәсіпорындарда жылыту маусымының өту барысына мониторинг жасау;

    2) Облыс бойынша жылуэнергетика, электроэнергетика және газдандыру саласындағы іске асырылып жатқан жобалардың құрылысына мониторинг жүргізу және қаржы игерілімін қадағалау;

    3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне облыс бойынша табиғи және сұйытылған газдың тұтынуы бойынша ақпарат жолдау;

    4) Сұйық отынның сапасы мен көлемін және жіберіліп отырылуын ұдайы қадағалап күн сайын, тоқсан сайын ақпарат әзірлеу;

    5) Электрмен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету және газдандыру бойынша барлық жобаларды құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алуға қажетті құжаттарды әзірлеу.

    6) ҚР Президентінің жолдауына сәйкес Ұлттық қордан қаржыландырылатын жылумен қамтамасыз ету саласындағы жобаларды «ТҮКШ дамыту бойынша Қазақстандық орталық» АҚ-мен жұмыс атқару.

    7) «Талдықорғанжылусервис» МҚКК, «Капшағайжылу» МКК, «Қазмырыш-ЖЭК» ЖШС, «Алакөлжылу» МКК-ның қатты отынмен және мазутпен қамтамасыз етілуін қадағалау;

    8) «Алматы облысының 2016-2020 жылдарға су және жел энергетикасын дамыту» бағдарламасы аясында жобалардың іске асырылуын мониторинг жүргізу.

    9) Аудан және қала әкімдіктерімен бірлесе облыстық мәслихат отырысына бюджеттік өтінім әзірлеу.

    10) Аудан және қала әкімдіктерімен бірлесе жаңа әзірленген жобаларға мониторинг жүргізу.


    Функциялары:

    1) уәкілетті органға облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсыну;

    2) уәкілетті органға облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсыну;

    3) ведомстволық бағынысты аумаққа орналастырылатын, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне берілетін жылу энергиясын өндіруге арналған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу жобаларын келісу;

    4) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысу;

    5) тұтынушылардың жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануын және техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;

    6) жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылау;

    7) жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарды тексеруді жүргізу;

    8) жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жөндеу жоспарларын келісу;

    9) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын беру;

    10) қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды жобалауды және салуды келісу;

    11) 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру;

    12) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;

    13) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен алуды жүзеге асыру;

    14) газ тарату жүйелерін және сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелері объектілерін салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жобаларын келісу;

    15) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерде (тұрғын үй қоры, ойын-сауық, сауда және қонақүй кешендері) құрастырылған қауіпті техникалық құрылғыларды (лифттер, эскалаторлар, фуникулерлер) пайдаланатын ұйымдармен кондоминиум объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

    16) тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

    17) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз ету, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісім жасасу, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асыру;

    18) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын әзірлеу және бекіту үшін ұсыну;

    19) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.