Энергетика және энергия үнемдеу бөлімі

    Бөлім туралы

    Жетекшілік ететін салаларды дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеуге қатысады және мониторингті жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Үкіметінің қаулыларын, өңірлік бағдарламаларды, әкімдік қаулыларын, өз құзыретіндегі мәселелер бойынша облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындау жөнінде ақпарат дайындайды. Облысты жылу энергиясымен, электр энергиясымен, табиғи газбен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз етуге жәрдемдесу; облысты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз етуге жәрдемдесу; Сұйытылған мұнай газын жеткізу бойынша есепке алуды, сұйытылған мұнай газының есептілігі мен шығыстарын талдауды, оның құнының мониторингін жүргізу; облысқа бөлінген сұйытылған мұнай газының квоталарын газ желісі ұйымдары арасында бөлу. объектілерді күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа дайындау, жылыту кезеңінен өту үшін көмір дайындау бойынша облыстың ведомстволық бағынысты кәсіпорындарын үйлестіруді жүзеге асырады; жылу желілері, электрмен жабдықтау және газбен жабдықтау желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындауды және жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылайды.