Энергетика және энергия үнемдеу бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлімнің басты міндеттері мен функциялары:

    1) энергетика кәсіпорындарының қызметін үйлестіру, энергетика саласындағы заңнама талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

    2) қаржы-экономикалық қызметті талдау және энергетика саласының дамуын болжау;

    3) энергия үнемдеу саясатын енгізу, энергия үнемдеу саласындағы заңнама талаптарының орындалуын бақылау;

    4) электрмен жабдықтау саласында мемлекеттік саясатты және салааралық үйлестіруді қалыптастыру және жүргізу;

    5) Басқарманың құзыреті шегінде энергетика кәсіпорындарын басқаруға, концессияға, жалға алған компаниялардың келісімшарттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

    6) энергетика саласындағы инвестициялық бағдарламаларды және "серпінді" жобаларды іске асыруды бақылау;

    7) энергетикалық кешен объектілерінің техникалық жай-күйінің мониторингі;

    8) энергетика саласындағы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізу үшін материалдар дайындау, бюджет қаражаты есебінен энергетика объектілерін салуға, жаңғыртуға және реконструкциялауға байланысты жобалар бойынша жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы қарау және келісу;

    9) энергетика саласындағы жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) және жобалау-сметалық құжаттаманы қаржыландыру үшін материалдар мен өтінімдер дайындау;

    10) бюджет қаражатынан және өзге де көздерден қаржыландырылатын энергетика объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу;

    11) жылу-энергетикалық кешен объектілерінің техникалық және пайдалану жай-күйін тексеруге қатысуға құқылы;

    12) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын энергетика саласындағы жобаларды іске асыру бойынша мердігерлік ұйымдармен жұмыс;

    13) энергетикалық кешенді дамыту жөніндегі өңірлік нысаналы бағдарламаларды әзірлеу, үйлестіру және іске асыру;

    14) жылу беру маусымына жылу энергия көздерін, магистральдық жылу желілерін, отын қорларын дайындауды бақылау;

    15) энергия көздерінің электр энергиясын өндіруін жинау және талдау, оны тұтынуға мониторинг жүргізу;

    24) басқарманың құзыреті шегінде энергетика саласында облыс аумағында инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдайлар жасау;

    25) коммуналдық қызметтерді көрсету ережелеріне өзгерістер әзірлеу және енгізу