«Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің экономика, бюджеттік басқармасы бойынша жоспарлау және әкімшілік-құқықтық жұмысы бөлімі

    Бөлім тураалы

    1.Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие;

    2.Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады;

    3.Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады;

    4.Бөлім басшысы басқарма басшысына бөлімнің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді;

    5.Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның міндеттерін Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бөлімнің бас маманы атқарады.

    Осы мақсатта бөлім басшысы:

    1. Бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
    2. Бөлім мамандарына көтермелеу шаралары және тәртіптік жаза қолдану туралы басшыға ұсыныстар енгізеді;
    3. Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады, оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.