Экономика, жоспарлау және қаржы бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Экономика,жоспарлау және қаржы бөлімі

    Мақсаты:

    1) облыс тұрғындарының медициналық қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мүмкіндіктерді барынша пайдалануды қамтамасыз ететін облыстың ерекшелігін ескере отырып, денсаулық сақтау саласындағы келісілген және теңгерімді мемлекеттік саясатты іске асырудың практикалық бағдарламаларын жүзеге асыру;

    2) азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз ету;

    3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің әлеуметтік құқықтарын қорғау.

    Функциялары:

    1) Ақмола облысы әкімдігінің және жоғары тұрған ұйымдардың қарауына дамудың негізгі бағыттары, экономика, бюджеттік жоспарлау және қаржы саласындағы проблемаларды жедел шешу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

    2) бюджет лимиттеріне (инфляция коэффициентіне ұлғайту) және қосымша бюджеттік өтінімге сәйкес 3 жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру;

    3) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне, Ақмола облысының қаржы басқармасына, Ақмола облысының экономика, жоспарлау және жоспарлау басқармасына жіберілетін жылдық, тоқсан сайынғы, ай сайынғы есептілікті қалыптастыру;

    4) экономика, жоспарлау және қаржы бөліміне жіберілетін облыстың медициналық ұйымдарын дамыту жоспарын бақылау және бекіту;

    5) толық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындардың ақылы медициналық көрсетілетін қызметтер бағасының ережесін, прейскурантын бақылау және келісу;

    6) облыстың денсаулық сақтау жүйесін дамытуда шаруашылық-экономикалық және қаржы саясатын жүргізу, семинарлар, алқа, конференциялар, кеңестер өткізу, денсаулық сақтаудың түрлі мәселелері жөніндегі басқармада комиссия құру;

    7) меншік нысанына және ведомстволық тиесілілігіне қарамастан мемлекеттік ұйымдардың және денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторларының барлық мекемелерінің, ұйымдары мен кәсіпорындарының қызметін үйлестіру;

    8)жергіліктіжағдайларды,қойылғанмақсаттардыжәнетүпкіліктінәтижеге қол жеткізуді ескереотырып, денсаулық сақтау саясатындағыөзгерістердіңқажеттілігінежеделден қоюды жүргізу.

    9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыру. Бақылау функциялары;

    10) медициналық ұйымдар басшыларының, орынбасарларының және бас бухгалтерлерінің еңбегіне ақы төлеуді есептеуді айқындау үшін еңбек шығындарының нормативтерін әзірлеу (медициналық ұйымдардың басшы құрамына еңбекақы төлеу туралы ереже);

    11) медициналық ұйымның басшылары мен қызметкерлерін көтермелеу немесе ынталандыру туралы шешім ресімделетін өкімдік құжаттарды әзірлеу және қалыптастыру.