Арыс қаласы экономика және қаржы бөлімі
Арыс қаласының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген шекте экономика және қаржы мен коммуналдық меншік саласында жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады. Арыс қаласының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады. Арыс қаласының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі қызмет бағыты - қалалық бюджетті атқару саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, қаланың коммуналдық меншігі мен бюджеттік қаражаттарды басқару, қаланың аумағында экономикалық саясатты, мемекеттік жоспарлау және басқару жүйесін қалыптастыру және дамыту саласында мемлекеттік басқару болып табылады.