Экономика және қаржы бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Экономика және қаржы бөлімінің функциялары:

    1. алдағы жоспарлы кезеңге Абай облысы Жаңасемей ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жобасына ұсыныстар әзірлеу;
    2. Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары негізінде, бес жылдық кезеңге аумақтың даму бағдарламасын және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
    3. әлеуметтік-экономикалық даму болжамының параметрлерін есепке ала отырып, бюджет түсімдерін болжау;
    4. алдағы жоспарлы кезеңге басым жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесін қарастыру және қалыптастару;
    5. жоспарлы кезеңге бюджетті бекіту бойынша мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеу және ауданның бюджеттік комиссиясының қарауына ұсыну, жоспарлы кезеңге аудан бюджетін бекіту жөніндегі мәслихат шешімін іске асыру туралы Абай облысы Жаңасемей ауданының әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;
    6. бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік өтінімдерін қарау және ауданның бюджеттік комиссиясының қарауына енгізу үшін қортындыларды әзірлеу;
    7. бюджеттік комиссия отырыстарына материалдар әзірлеу;
    8. жоспарлы кезеңге аудан бюджетін нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізу;
    9. есепті кезеңге аумақтық даму бағдарламасының іске асуына мониторинг жасауды ұйымдастыру;
    10. ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру;
    11. қолданыстағы бюджеттік заңнама шеңберінде жоспарлы кезеңге Экономика және қаржы бөлімінің бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
    12. міндетемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жомпарын, бюджеттің түсімдер және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау бекіту, қолданыстағы бюджеттік заңнама шеңберінде оларға өзгерістер енгізу;
    13. бухгалтерлік есепке алуды, қаржылық және бюджеттік есептілікті, сондай ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен және нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген басқа да есептіліктерді жүргізу;
    14. жергілікті бюджет бойынша бюджеттік есепке алуды жүзеге асыру, сондай ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудан бойынша қаржылық және бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну;
    15. бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен қолданыстағы бюджеттік заңнамаңа сәйкес ақпараттар мен есептіліктерді жинауды жүзеге асыру және бюджеттік мониторинг жүргізу;
    16. қолма қол ақша көлемін болжау және бюджеттік ақшаларды тиімді басқару үшін жоспарланған кезеңге күтілетін шығыстардың атқарылуын және қолма қол ақша легінің болжамын жасау;
    17. бюджеттің орындалуы туралы ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептіліктерді, сондай ақ қолданыстағы бюджеттік заңнамаға сәйкес тиісті органдарға басқа да есептіліктерді қалыптастыру және ұсыну;
    18. экономика және қаржы бөлімінің функцияларына қатысты мәселелер бойынша аудан әкімдігінің қаулы жобаларын әзірлеу және енгізу;
    19. конкурс өткізуге конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатурасы көрсетілген және тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғасы бекіткен өтінімді, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген және тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғасы бекіткен өтінімді, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетілген техникалық, ерекшіліктің жобасын (жобалау-сметалық құжаттаманы), конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын келсімшарт жобасын, сараптамалық комиссияның құрамын немесе оны құрған (жұмылдырған) жағдайда сараптамашыны қамтитын, тапсырыс берушілер ұсынған тапсырмалар негізінде бірыңғай ұйымдастырушы ретінде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
    20. жер учаскелерін қоспағанда, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ауданның коммуналдық мүлкін жекешелендіру бойынша немесе кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беруге сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде сатып алулар жүргізу;
    21. сала органдарының келсімімен теңгерім ұстаушылардың қолдаухаттары негізінде коммуналдық мүлікті теңгерімнен теңгерімге бекіту және қозғалысы, мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру жөніндегі бұйрықтар шығару;
    22. саланың уәкілетті органдарының қолдаухаттары негізінде ауданның коммуналдық мүлкін пайдалану туралы шешім қабылдау және мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға), өтеусіз пайдалануға, жеке тұлғалар мен мемлекетік емес заңды тұлағаларға кейінен сатып алу құқығынсыз (заңнама шеңберінде шарттардың қолданылу мерзімдерін ұзарту құқығымен) немесе кейінен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша заңнамада белгіленген рәсімдерді жүзеге асыру, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, коммуналдық меншік мүлкін пайдалану бойынша жасалған шарттар талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
    23. коммуналдық меншікке айналдырылған (келіп түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәптәппен иесі жоқ деп танылған, (салалық тиесілі бар объектілерді қоспағанда) мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен иесіз қалған мүліктің (тұрғын үй, көлік және жер учаскелерінен басқа), олжаның, құрамында мәдени құндылықтарға жататын заттар жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
    24. аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес ауданның коммуналдық мүлкін жекешелендіруді, кейінен сатып алу құқығымен сенімгерлі басқаруға беруді жүзеге асыру, жекешелендіру кейінен сатып алу құқығымен сенімгерлі басқару объектілерін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектілерінің сатып-алу құқығымен сенімгерлік басқару келсімшарттарын жасау, жасалған келсімшарттардың орындалуына мониторинг жүргізу;
    25. жарғылық капиталдағы мемлекеттің 100% қатысу үлесімен қоса жауапкершілікті шектеулі серіктестіктің жарғыларын бекіту, жарғысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе жарғыны жаңа редакцияда бекіту жарғылық капиталдың мөлшерін өзерту, жылдық қаржы есептілігін бекіту және таза табысты бөлу, серіктестіктің атқарушы органын құру, оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату, серіктестіктің мүлкін сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру мәмілелерді саланың уәкілетті органына келісу;
    26. Экономика және қаржы бөлімі жүзеге асыратын функциялар шеңберінде аудан әкімдігінің қаулы жобаларын келісу;
    27. жер учаскелерін қоспағанда, ауданның коммуналдық меншігіне берілетін мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың мүлкі бойынша сыйға тарту келісімшартын жасасу туралы қаулы жобасын енгізу;
    28. сот органдарына жүктелген функцияларды іске асыру үшін, соның ішінде қайтыс болған азаматтардың ақшалай қаражатын иесіз деп тану бойынша сыйға тарту келсімшартын жасасу туралы қаулы жобасын енгізу;
    29. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;