Экономика және қаржы бөлімі

    Экономика және қаржы бөлімі

    Экономика және қаржы бөлімінің функциялары:

    - Жылдық қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаржының ерекшеліктер бойынша есебін жасақтау;

    - Міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке жоспарлардың орындалуына, қолдағы уақытша салынған ақша бақылау есеп-шотына түскен ақшаға бухгалтерлік есеп жүргізу, қаражатты мақсатты жұмсауға бақылау жүргізу;

    - Еңбекақы мен өзге де ақшалай төлемдерді дұрыс есептеу мен белгіленген мерзімде төлеуді, салық пен міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы аударылуын қамтамасу ету;

    - Басқарманың тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілерімен жасаған шарттарын аумақтық қазынашылық органдарында тіркеу, уақытылы есеп айырысуды жүргізеді, «электрондық шот-фактура» ақпаратты жүйесіне келіп түскен құжаттарды күнделікті қабылдап, оны есепке алынуын қадағалау;

    - Басқарманың активтері, құны төмен және тез тозатын заттары мен басқа да материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жүргізу;

    - Басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелерде бар дебиторлық берешекті өндіріп алуына және кредиторлық берешекті өтеуіне бақылау жүргізу;

    - Басқарма теңгеріміндегі ақша қаражаты бойынша есеп айырысулар мен материалдық құндылықтарды түгендеу нәтижелерін дұрыс және мерзімінде есепте көрінуін қамтамасыз ету;

    - Қаржының игерілуі туралы айлық мониторингті белгіленген мерзімде жасауды қамтамасыз ету;

    - Бюджеттік тапсырыстардың дұрыстығын қадағалау;

    - Басқарманың штат кестесін дайындау;

    - Мемлекеттік сатып алу жұмыстарының өткізілуіне бақылау жасау, шұғыл ақпараттарды дайындау;

    - Мемлекеттік сатып алу жоспарын жасақтап веб-сайтқа орналастыру және мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс комиссиясының отырысының қорытындысын дайындау;

    - Мемлекеттік сатып алу құжаттарын әзірлеу, әлеуметтік өнім берушілерге ұсыну және тіркеу;

    - Мемлекеттік сатып алу жөніндегі есепті жасау және оны уәкілетті органдарға тапсыру;

    - Мемлекеттік сатып алу жөніндегі жасалған келісім-шарттар бойынша жұмысты реттеу;

    - Сатып алуға қажет тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің номенклатурасын дайындау;

    - Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектерге, мүгедек балаларға санаториялық-курорттық емдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

    - Протездік ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі қызметті, сурдотехникалық құралдарды сатып алу және оларға сервистік қызметін, мүгедектерге арнаулы жүріп тұру жөніндегі қызметтерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

    - Мемлекеттік сатып алу бойынша тоқсандық есеп жасау және оны тиісті органдарға жолдау;

    - Басқарма басшынының бекітуі үшін есептеулер мен шығындар сметасын жасау және басқармаға қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелерге жолдау;

    - Шығындар бойынша бюджеттің орындалуын сипаттайтын анықтамалар және басқада есептерді дайындау;

    - Жоспарлау бағытында экономикалық жұмыстарға болжам жасау;

    - Трансферттердің игерілуі жөніндегі есептіліктерді уақытында дайындап жоғары тұрған органдарға жолдау;

    - Басқарманың және басқармаға қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемлердің бюджеттік тапсырыстарын дайындап, уәкілетті органдарға тапсыру;

    - Кәсіби міндеттерді орындау кезінде басқа қызметкерлерге қатысты гендерлік кемсітушілікке жол бермеу;

    - Гендерлік теңдік жөніндегі құқықтық және саяси мәдениеті деңгейін арттыру.

    - «Парус» ақпараттық автоматтандырылған жүйесінің «бюджеттік қаржыландыру» модуліне қаржылық жоспарларды және оған енгізілетін өзгерістерді енгізе отырып, бюджеттің бағдарламалардың орындалысын мониторингілеу, уәкілетті органдарға ұсыну;

    - Республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттерді қала, аудан бюджеттеріне бөлу;

    - Бөлімге келіп түскен хаттармен және сұраныстармен жұмыс жасау;

    - Сенімді бастапқы құжаттар мен тиісті бухгалтерлік жазбалар негізінде басқарманың жарты жылдық, жылдық бюджеттік есептілігін жасайды және Маңғыстау облысының қаржы басқармасына ұсынады;

    - Ай сайынғы, тоқсандық, жылдық статистикалық есептілігін жасайды және Маңғыстау облысы бойынша статистика департаментіне ұсынады;

    - Ай сайын қаржылық есептілік пен шоғырландырылған қаржылық есептілікті, тоқсан сайын дебиторлық, кредиторлық берешек бойынша есептілікті жасақтап оны мерзімінде Маңғыстау облысының қаржы басқармасына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне («е-Қаржымині) ақпараттық жүйесіне енгізу;

    - Басқарманың тоқсандық салық есептілігін жасақтап Салық басқармасына жолдау;

    - Республикалық бюджеттен бөлінетін барлық ағымдағы нысаналы трансферттерді жергілікті атқарушы органдарға аударады, есебін жасақтайды және белгіленген мерзімде оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне «е-Қаржымині» ақпараттық жүйесіне енгізеді;

    - Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бухгалтерлік есеп саласында белгіленген талаптарды орындауды қамтамасыз етеді;

    - Басқармаға қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жылдық қаржылық есептілігін бекітеді, негізгі құралдарды есептеп шығару жөніндегі ұсынған материалдарды қарайды және қорытынды дайындайды;

    - Басқармаға қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің тоқсандық, жылдық қаржылық есептілігін талдайды және тексереді;

    - Дебиторлық және кредиторлық берешектің жағдайына талдау жасайды;

    - Басқармаға қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу жөніндегі ұсынылған есептері негізінде басшылыққа ақпарат дайындайды;

    - Басқармаға қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелер бөлігінде банк есеп-шоттарында ақшаның бар болуына талдау, есептілік жасайды;

    - Басқармаға қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілікті уақытылы тапсыруын бақылайды;

    - Басқармаға қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің тоқсандық және жылдық қаржылық есептілігінің белгіленген талаптарға сәйкес болуын бақылауды жүзеге асырады;

    - Басқармаға қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізуін бақылайды;

    - Басқармаға қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелер мүлік пен міндеттемелерге түгендеу жүргізуді, оның нәтижелерін белгілеудің уақтылығы мен дұрыс болуын және оларды ұсынылған қаржылық есептілігі негізінде есепте көрсетуді бақылайды;

    - Басқармаға қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелерде дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу есебінің жай-күйін бақылайды.

    - Өз өкілеттігі шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi ұйымдар мен мекемелердің, тұлғалардың оларды орындауын талап етуге;

    - Басшылыққа бөлімнің жұмысын жетілдіру, тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды енгізуге;

    - Лауазымдық мiндеттерiн орындау мақсатында белгiленген тәртiппен қажеттi ақпараттар мен материалдарды басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелерден және аумақтық органдардан, басқармалардан сұратуға және алуға;

    - Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

    - Бөлімге жүктелген міндеттерге сәйкес жүргізілетін іс-шараларды жасақтауға және іске асыруға мемлекеттік органдардың, басқарма қызметкерлерін тартуға;

    - Қауіпсіз және жоғары өнімді жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайына құқығы бар.