Экономика және қаржы бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Алматы қаласы аумағын дамыту бағдарламасының жобасы үшін ақпаратты дайындау;

    бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін дайындау;

    басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру;

    үш жылдық кезеңге Басқарманың бюджетін әзірлеу, қалалық бюджетті қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссияның жұмысына арналған материалдарды дайындау;

    бюджетті жоспарлау сатысында бюджеттік бағдарламалардың тізбесін дайындау, алдағы қаржы жылына және үш жылдық кезеңге бюджеттік өтінімдерді жасау және ұсыну;

    Бөлім Басқарманың бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.
    Мүлікке, міндеттемелерге және шаруашылық операцияларға олардың ақшалай көріністегі нақты өлшемдер негізінде толық, үздіксіз, құжаттық және өзара байланысты түрде есеп жүргізуді ұйымдастырады.

    Тауарлы-материалдық құндылықтарды, ұйымдармен есеп айырысуларды, ақша қаражаттарын түгендеуді ұйымдастырады және жүргізеді, түгендеу нәтижелерін уақтылы және дұрыс анықтайды;

    Барлық қаржыландыру көздері бойынша бағдарламаларды іске асыру шеңберінде Басқарма жүзеге асыратын іс-шаралар мен аппаратты ұстауға арналған бекітілген сметалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

    Жасалған мемлекеттік шарттар бойынша бақылау мен есепке алуды және міндеттемелердің уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;

    Еңбекақыны уақтылы есептеуді, қызметкерлерге үстемақылар мен сыйақыларды есептеуді жүзеге асырады;

    Бекітілген шығыстар сметалары бойынша бюджетке енгізілген өзгерістерді ескере отырып, ашылған лимиттерге және олардың нысаналы мақсатына сәйкес қаражаттың дұрыс және тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді;

    Бюджет қаражатын нысаналы пайдалануын және бухгалтерлік есептің нақты ұйымдастырылуын регламенттейтін қаржылық заңнаманың және нормативтік құжаттардың сақталуына бақылау жасайды;

    Басқарманың кредиторлық және дебиторлық берешегіне талдау жүргізеді;

    Ағымдағы қаржы жылына және жоспарлы кезеңге Басқармаға жеткізілген бюджеттік ассигнования сомаларының, бюджеттік міндеттемелер лимиттерінің есебін жүргізеді.