Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Негізгі міндеттері
Облыс денсаулық сақтау саласындағы кәсіпорындарда экономикалық жоспарлауды жетілдіру және дамыту бойынша жұмыс жүргізу, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалану деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.
Ұйымның шаруашылық операцияларын жүзеге асыру кезінде заңнамалық талаптардың сақталуын бақылауға қажетті ақпаратты ішкі және сыртқы есептілік пайдаланушыларға қамтамасыз ету.
Ұйымның шаруашылық қызметіндегі теріс нәтижелерді болдырмау және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге резервтерді анықтау.
Бөлімнің функциялары
Денсаулық сақтау басқармасына бағынысты кәсіпорындар бойынша денсаулық сақтау бюджетін жобалау жұмыстарын жүзеге асырады. Келесі қаржы жылына арналған бақылау бюджетін талдайды, бекітілген бюджетті кәсіпорындарға бөледі. Бағынысты мекемелердің басшыларына мемлекеттік денсаулық сақтау кәсіпорындарын қаржыландыруға арналған ассигналарды жеткізеді.
Ағымдағы қаржы жылының есептік кезеңіне бюджет міндеттемелерінің лимиттерін бөледі және олардың пайдаланылуын бағынысты мекемелерде талдайды.
Облыстық бағынысты денсаулық сақтау мекемелерін қаржыландырады.
Жоспарларды ағымдағы түрде есепке алады, түзетулерді есептейді және ағымдағы жылдың жоспарларын қайта бөледі.
Облыс бойынша денсаулық сақтау бюджетінің орындалуын, соның ішінде бағынысты мекемелер мен кәсіпорындар бойынша бақылау және талдау жүргізеді.
Саладағы әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге қатысады.
Ақтөбе облысында жүзеге асырылатын өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысады, іс-шараларды қаржыландыру көлемі мен көздерін анықтайды. Барлық қаржыландыру көздері бойынша мақсатты бағдарламалардың орындалуы туралы кезеңдік есептілікті жүргізеді.
Денсаулық сақтау басқармасының міндеттерін орындау туралы, басқарма мен Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы келісімнің орындалуы бойынша есеп құрайды.
Бағынысты ұйымдардың штат бірліктері мен нақты саны бойынша инвентаризация жүргізеді, сондай-ақ мекемелер мен кәсіпорындардың негізгі көрсеткіштерін есептік жыл бойынша талдайды.
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерде желі, штат және контингенттер бойынша жыл сайынғы талдау жүргізеді.
Денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің саны мен жалақыға бағытталған қаражаттар туралы кезеңдік статистикалық есептілік құрады.
Бағынысты мекемелердің келесі қаржы жылына арналған шығын сметаларын, штат кестелерін және тарифтік тізімдерін тексереді.
Бағынысты мекемелердің халыққа көрсетілетін ақылы қызметтерге арналған смета мен калькуляцияларын тексеріп, келіседі. Халыққа көрсетілген ақылы қызметтерден түскен қаражат көлемі бойынша кезеңдік есептілікті қалыптастырады.
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің отын-энергетикалық ресурстар тұтыну лимиттерін есептеп, келесі қаржы жылына келіседі.
Бағынысты ұйымдардан айлық, тоқсандық және жылдық есептер қабылдайды және қаржы органдарына уақтылы қорытынды есептерді ұсынады.
Шығын сметаларын және оларға есептеулерді басшыға келістіріп, бюджеттік және бюджеттік емес қаражаттардың рационалды және мақсатты пайдалануын қамтамасыз етеді.
Бағынысты денсаулық сақтау мекемелерінің бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша қаржы-шаруашылық қызметін экономикалық талдайды, қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануын арттыру мақсатында.
Оперативтік, статистикалық, қаржылық есептілікті құрастырады және уақтылы тиісті мекемелерге ұсынады.
Мекемелер мен кәсіпорындардың экономистерімен жоспарлау, қаржыландыру, есептілік және еңбек ақы төлеу мәселелері бойынша консультативтік-әдістемелік жұмыстар жүргізеді.
Азаматтар, ұйымдар және ведомствалардан келіп түскен хаттар, шағымдар мен өтініштерді қарайды.
Емдеу-профилактикалық мекемелерді еңбек, жалақы және т.б. мәселелерге қатысты нормативтік-құқықтық актілермен хабардар етеді.