Қарағанды облысы әкімі аппаратының экономикалық даму, әлеуметтік, агроөнеркәсіптік кешені, тіршілікті қамтамасыз ету, өнеркәсіп және ТЖ бөлімі
Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша республикалық, облыстық және өңірлік даму бағдарламаларының, әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің, оның бірінші орынбасарының шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының іске асырылуын бақылау және орындалуына талдау жүргізу.
Мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру, спорт, ішкі, тіл және жастар саясаты салаларында, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласында, мемлекеттік саясатты іс жүзінде жүзеге асыру және үйлестіру сұрақтарында мемлекет Басшысының саясатын, ҚР Үкіметінің қаулысын және облыс әкімінің қаулыларын іске асыруды қамтамасыз ету.

Жергілікті атқарушы органдардың жұмысын мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, экономиканың нақты секторын, шағын және орта бизнесті, туризмді дамыту, қазақстандық және жергілікті қамту үлесін арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру, инвестициялық және инновациялық саясатты жүзеге асыру, «Сарыарқа» Арнайы экономикалық аймақты жүзеге асыру, экономиканың нақты секторының, шағын және орта бизнестің, туризмнің цифрландыруын дамыту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүзеге асыру салаларында үйлестіру.
Мемлекет Басшысының саясатын жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бөлімді басқарумен байланысты жұмыстар жиынтығын орындайды, энергетиканы дамыту және коммуналдық шаруашылық, баға және коммуналдық саладағы тарифтік саясат, ТЖ алдын алу, жылу маусымына дайындалу мәселелерін үйлестіреді.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін қамтамасыз ету, Қазақстан халқы Ассамблеясының және оның Төрағасының – Қазақстан Республикасы Президентінің, Ассамблея Кеңесінің және Төраға орынбасарларының шешімдері мен тапсырмаларын орындау. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында мемлекеттік саясатты жүргізу және өңірде 2025 жылға дейін Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру.